2016 жылдың 26-тамызында ҚР Үкіметініңқаулысымен А.Амрин ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа тағайындалған вице-министрді министрлік ұжымымен таныстырды.

Асланбек Кемеңгерұлы Амрин 1982 жылдың 13-наурызында Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданына қарасты Смирнов ауылында дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2003 ж. «Қаржы және аудит»), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2006 ж. «Геоақпараттық жүйелер»), «Болашақ» бағдарламасымен University of Illinois at Urbana – Champaign, (2012 ж. «Технологияларды басқару») тәмамдаған.

2003-2005 жылдары «KITEX» ЖШС жеке инновациялық компаниясында, «Жаңа технология мен материалдарды енгізу орталығы» ЖШС-да, «Қазақстандық инновациялық технология» АҚ-да еңбек етті.

2005-2010 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сарапшысы, индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы және меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 

2012-2015 жылдары – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015-2016 жылдары – «TIMWE International» халықаралық телекоммуникациялық компанияның Қазақстан бойынша бас менеджері.

www.primeminister.kz

   

Жарияланды: 29 тамыз 2016

Мұрағат

Тамыз
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту