Құттықтауды ҚР Премьер-Министрі Twitter-дегі жеке аккаунтында жариялады.

Балуан Темірлан Шадукаевты Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтаймын! #Macon2016 #Тәуелсіздікке25жыл

Темірлан Шадукаев 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атағына ие болды. Оның ақтық сындағы қарсыласы Румынияның балуаны Георгий Влад Мариэ болды. Шадукаев 6:1 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті.

Күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Франциядағы Макон қаласында өтті.

www.pm.kz

Жарияланды: 31 тамыз 2016

Мұрағат

Тамыз
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту