Бұл туралы Кәрім Мәсімов өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар Мемлекетіне өткен жылғы сапары барысында қол қойылған келісімдердегі уағдаластықтарды орындау аясында өтті.

Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерімен қатар, жоғары деңгейдегі сапар барысында банк және инвестициялық салалар сынды екі жақты маңызды қарым-қатынастар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді.

Атап айтқанда, ҚР Ұлттық банкі және КМ Орталық банкі, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі және Катар қаржы орталығы арасында меморандумдарға қол қойылды.

ҚР Премьер-Министрінің Катардың Орталық банкі төрағасымен кездесуі барысында банк саласындағы, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

www.pm.kz

Жарияланды: 31 тамыз 2016

Мұрағат

Тамыз
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту