Қазақстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ван И екі елдің ведомстволары арасындағы үш жылдық мерзімге арналған ынтымақтастық жол картасына қол қойды.

«Екіжақты форматта саяси және сауда-экономикалық саладағы, оның ішінде шекарааралық су ресурстарын пайдалану, сонымен бірге консульдық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жайттары қаралды. Мұнан бөлек, алдағы уақытта 8-9 маусым күндері Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық мәселелерін талқыладық», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, кездесудің қорытындысында тараптар Қазақстан мен Қытай Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұл құжат алдағы үш жылдық кезеңде екі елдің сыртқы істер саласындағы өзара іс-қимылының жол картасына айналмақ.

«Меморандумға сәйкес қазақстандық-қытайлық екіжақты ынтымақтастықтың  әрі халықаралық істердің өзекті мәселелері бойынша және ҚР-ның 2017-2018 жылдары аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясында тұрақты түрде кездесіп, кеңес алмасуға уағдаластық», - деді Әбдірахманов.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 21 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту