Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2016 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебін қолдады.

«Бүгін 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы  туралы Үкіметтің есебін қолдап, дауыс бергендеріңіз үшін рахмет айтқым келеді. Сіздердің сұрақтарыңыз бен айтылған ұсыныстарыңыз  экономиканың барлық саласын  қамтиды. Қатты да айттыңыздар. Сұрақтарыңыздың барлығы да орынды. Олардың барлығын біз Үкіметте мұқият қарап, алдағы уақыттағы жұмысымызда ескереміз деп сендіргім келеді», - деді ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бірлескен отырыс барысында.

Сонымен қатар ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумының қорытынды отырысында ел Үкіметіне бірқатар тапсырма бергенін, оның ішінде биыл экономика өсімін 4 процент деңгейінде қамтамасыз ету де бар екенін айтты.

«Бұл салада көптеген жұмыс атқаруымыз қажет. Оның барлығы өздеріңіздің қолдауларыңызбен ғана жүзеге асырылады деп ойлаймын», - деді Премьер-Министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 19 маусым 2017

Мұрағат

Маусым
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту