Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аймақтағы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесіп, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар туристік саланы дамытуға бөлінген қосымша қаражаттың бөлінуін, сауда нарықтарын жаңғыртуды, «БЖК-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бюджетті арттыруды, ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері кооперативтерін қаржыландыруды, елді мекендердің бас жоспарын түзетуді, сонымен қатар Қазақстанда шағын индустриялық аймақтарды дамыту мәселелерін талқылады.

Кеңесте Өңірлік кеңес төрағасы, «Есіл» ЖШС бас директоры Қазбек Ескендіров,«Еңбек» ЖШС басшысы Қуаныш Рақышев, «Торговый дом» ЖШС бас директоры Алексей Смагин, «Новый Кокшетау» ЖШС басшысы Рустам Джангунаков, «Гормолзавод» ЖШСдиректоры Әсен Жақсылықов, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Мәди Елубаев, сонымен қатар «Тренд+» ЖШС құрылтайшысы Ержан Қуанған және «Зерен-Нұр» демалыс орталығының директоры, Ақмола облысының туристік бизнес қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтановсөз сөйледі.

Көтерілген тақырыптарға орай ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қайрат Балықбаев түсінік берді.

Сөйлеген сөзінің барысында Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкімет жұмысының басты басымдықтарының бір болып табылатынын атап өтті. Бұл бағытта бизнес үшін қолайлы жағдайлар тудыру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде бизнес шығындарын азайту, тексерулерді қысқарту, несиелік қолдауды қайта реттеу мен кеңейту бар. Сонымен қатар, қазіргі кезде жаңа екі мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда: АӨК дамыту мен өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, бұл бағдарламаларда да бизнесті қабылдау тәсілдері қарастырылған.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев аймақтағы бизнес саласын дамытуда облыс экономикасының перспективалы салаларының бірі ретінде туризмге ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұл орайда туристік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру қажет.

Анықтама:

Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны биыл 42,1 мың бірлікті құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,2% көп.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 04 тамыз 2017

Мұрағат

Тамыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту