Бүгін, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырумен танысу үшін жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.

Өңірге келген Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына Ақтөбедегі әуежайдың ұшып-қону жолағының бұрылыс жобасы таныстырылды. Өз кезегінде, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші вице-министрді Ақтөбедегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларымен таныстырды.

Атап айтқанда, А.Мамин тек хоккейшілерді ғана емес, мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша болашақ чемпиондарды да дайындайтын «Олимп» хоккей модулінде болды. Айта кету керек, бұл тәуелсіздік жылдарында салынған қысқы спорт түрін дамытатын алғашқы спорт ғимараты. Жуырда құны 1,5 млрд теңге болатын жастар сарайы өз жұмысын бастамақ. Жоба «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылуда.

Бұдан өзге, бірінші вице-премьер жаңа оқу жылында ауылдан келген дарынды балаларға арнап интернат ашатын «Сымбат» жекеменшік мектебін, сонымен қатар Қазақстанда баламасы жоқ жетім балаларға арналған құны 1,6 млрд теңге болатын «Мейірім» әлеуметтік үйін қарап шықты.

Сондай-ақ, А. Маминнің назарына құрылысы мен заманауи құрал-жабдықтармен жарақтануына 3,2 млрд теңге инвестицияланған «Көз жарығы» офтольмологиялық орталығы ұсынылды.

Өңір үшін маңызды болып табылатын нысандар салынып жатқан құрылыс алаңдарын аралау кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталмыш нысандардың жүзеге асырылуы ең алдымен, облыс бюджетіне түсетін салмақты азайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, мектепке дейінгі біліммен қамтуды, сонымен қатар медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға айтарлықтай мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан өзге, бірінші вице-премьер қайта қалпына келтіріліп жатқан «Ақтөбе-Орск» автокөлік жолын қарап шығып, бірқатар ірі кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Сонымен, қуаттылығы жылына 50 мың тонна болатын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС мұнай-газ жабдықтары мен құбырларын шығарумен айналысады. Жобаның жалпы құны 5 млрд теңгені құрайды.

Елбасының халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру тапсырмасын орындау мақсатында өңірде ауылдық елді мекендерді газдандыру шаралары жүргізілуде. Осыған байланысты Ақтөбеде газ таратуды едәуір арттыруға мүмкіндік беретін «АГРС 300» автоматтандырылған газ тарату бекеті салынды. Айта кету керек, соңғы екі жылда Ақтөбе облысының газдандыру деңгейі 60%-дан 87%-ға дейін артты.

Бұдан басқа, А. Мамин өз қызметін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен ИИДМБ аясында жүзеге асырылып отырған өңірдегі ірі жылыжай кешендерінің бірі «Грин Хаус Қазақстан» серіктестігінде болды. Жобаны жүзеге асыру облыстың жаңа піскен көкөністерге деген қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге, сонымен қатар артық өнімді Ресейге экспорттауға мүмкіндік берді.

Жылыжайда Асқар Маминге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңіраралық кооперация мен суармалы егіншілікті дамыту бойынша өңірде қолданылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де Асқар Маминді өндірістің қыздыру пешінен бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі технологиялық процесімен таныстырды. Еске салайық, жоба Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы аясында жүзеге асырылған.

Кәсіпорын ЕЭАС аумағындағы «Р-65» стандартты ұзын өлшемді (120 м) ыстыққа бейімделген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі болып табылады. Жалпы, зауыт толық жобалық қуаттылыққа шыққан соң 2018 жылы жылына 430 мың тонна прокат, соның ішінде жоғары жылдамдықтағы магистральдар үшін 200 мың тонна стандартты ұзын өлшемді ыстыққа бейімделген рельс, құрылыс секторы үшін 230 мың тонна фасондық өнім шығаратын болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 10 тамыз 2017

Мұрағат

Тамыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту