Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2018 жылы Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы баяндады.

Алда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында әлемнің 80-нен астам елінен 5000-нан астам спортшы мен ресми тұлға қатысады деп жоспарланған. 15 спорт түрі бойынша 102 медаль жиынтығы ойнатылатын болады. Қазақстандық спорт делегациясы 9 спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр: биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шана спорты, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл (акробатика, могул).

Қазіргі таңда Қазақстанда екі спорт түрі бойынша 13 лицензия бар (биатлон — 10, мәнерлеп сырғанау — 3). 2017-2018 маусымда лицензияға ие болу үшін қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстанның құрама командасы халықаралық спорттық күнтізбеге сәйкес халықаралық біліктілік жарыстарына қатысады.  

«Еліміздің Олимпиада құрамасын қалыптастыру атлеттердің дене дайындығының деңгейін, психологиялық тұрақтылығын ескере отырып, қорытынды іріктеу кезеңі мен допингке қарсы бақылау нәтижелері бойынша келесі жылдың қаңтарына дейін жалғасады», — деп атап өтті А. Мұхамедиұлы.

Бақытжан Сағынтаев мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына қалған күндері қысқы Олимпиада ойындарына дайындықты сапалы жүргізуді тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 14 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту