Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков 2018 жылы Пхёнчхан қаласында (Корея) өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, 2018 жылғы Олимпиадаға 80-нен астам елдің 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкілі қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы ойнатылады.

Қазақстан тоғыз спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр. Олар: биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек, конькимен сырғанау, шана спорты, шаңғы тебу, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл (акробатика, могул).

Сәкен Мұсайбеков осыған дейінгі қысқы Олимпиадаларда Қазақстан ұлттық құрама командасы 7 медаль жеңіп алғанын еске салды. Олардың ішінде — бір алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.

Сондай-ақ, вице-министр бүгінгі таңда ұлттық құраманың 23 олимпиадалық лицензиясы бар екенін айтты: биатлоннан — 10; мәнерлеп сырғанаудан — 3; шорт-тректен — 10. Лицензияларды жеңіп алу 2018 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.

«Қазіргі таңда біздің спортшылар Әлем кубогының жарыстарына және коньки спорты, биатлон, тау шаңғысы, шана спорты, трамплиннен секіру бойынша Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жарыстарына қатысып жатыр», — деді Сәкен Мұсайбеков.

Министрлік 2018 жылғы Олимпиадаға қатысуға үміткерлер тізімін жасады. Бұл 9 спорт түрінен 50 спортшы.

«Үміт бар, біз оған сенеміз. 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының 25 үздік елінің қатарында болуды жоспарлап отырмыз », — деді вице-министр.

Сонымен қатар Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің ережелеріне сәйкес, ресми делегация спортшылар санының 50%-ынан аспауы тиіс.

Спикер алдағы Олимпиада кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарыстар туралы ақпаратты жедел жариялауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Қорытындылай келе, Сәкен Мұсайбеков спортшыларға сәттілік пен жоғары нәтижеге қол жеткізуді тіледі.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 07 желтоқсан 2017

Мұрағат

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту