Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік банк тобымен бірлесіп «Doing business» субұлттық баяндамасының таныстырылымын өткізді.

Таныстырылым жұмысына Дүниежүзілік банк сарапшылары, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қазақстандық сарапшылар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық қатысты.

Іс-шара барысында ел өңірлеріндегі және қалалардағы кәсіпкерлік қызметті реттеу және жүргізілген реформаларды талдау нәтижелері таныстырылды.

Қазақстандағы «Doing business» субұлттық рейтингі баяндамасында төрт көрсеткіш: кәсіпорын ашу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу және меншікті тіркеу бойынша салыстырмалы талдау жасалған.

Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, 2017 жылы Қазақстанның 2 қаласы мен 6 өңірінде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Шымкент) зерттеу жасалған.

Еліміздің әрбір өңіріндегі іскерлік ахуалды кешенді зерттеу бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында Үкімет «Doing business» субұлттық рейтингін өткізу тәжірибесін таратуға шешім қабылдады. Субұлттық рейтинг нәтижесі бойынша үздік тәжірибе Қазақстанның қалған өңірлерінде пайдаланылатын болады.

ҰЭМ вице-министрінің айтуынша, Қазақстан өз алдына дамыған елдердің үздік 30-дығына ену секілді өршіл мақсат қойып отыр. Аталған мақсатқа жету үшін бизнесті қайта реттеу бойынша жоспарлы саясат жүргізіліп, рұқсат беру жүйесі жетілдірілуде, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі оңтайландырылып, бизнес-климат жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банктің «Doing business» рейтингіндегі 36 орынды иеленді.

«Бізге Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, еліміздегі әрбір өңір мен қалада жергілікті деңгейде іс жүзінде жүргізілген реформалардың жүзеге асырылуын тәуелсіз бағалау қажет», - деді вице-министр.

Іс-шараның қорытындысын түйіндей келіп, вице-министр Айбатыр Жұмағұлов аталған жұмыстардың жекелеген әрбір өңірдегі іскерлік ахуалды едәуір жақсартуға мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті. Ол жергілікті атқарушы органдарды «Doing business» субұлттық рейтингі жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

ҚР ҰЭМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 14 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту