Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға XI Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) Бас хатшысы Мухиса Китуйимен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның халықаралық саудаға интеграциялануы, озық стандарттар мен жобаларды енгізу, теңізге шыға алмайтын елдердегі сауда-саттықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанның қаржы жүйесі мен монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды.

ЮНКТАД пен Қазақстан халықаралық сауда рәсімдерін жеңілдету және озық стандарттар мен жобаларды енгізу шаралары аясында бірнеше жылдар бойы ынтымақтастықта. Бүгінгі күні Қазақстанда Aстана-1 автоматтандырылған кеден жүйесі сәтті енгізілуде. ЮНКТАД пен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті арасында экспорттық-импорттық операцияларға арналған Бірыңғай терезе тетігін енгізу туралы келісімге қол қойылды.

Анықтама: 1964 жылы тұрақты үкіметаралық орган ретінде құрылған БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (United Nations Conference on Trade and Development, ЮНКТАД) сауда және даму саласындағы мәселелер бойынша Бас Ассамблеяның негізгі ұйымы және БҰҰ жүйесінде даму мәселелері және сауда, қаржы, технологиялар, инвестициялар және тұрақты даму мәселелері бойынша үйлестіру орталығының рөлін атқарады.

ЮНКТАД-тың басты мақсаты — дамушы және аз дамыған елдердің (НРС) және өтпелі экономикасы бар елдердің әлемдік экономикаға интеграциялануына және оларды сауда және инвестициялар арқылы дамытуға жәрдемдесу. ЮНКТАД өзінің мақсаттарына қол жеткізу үшін зерттеулер жүргізіп, саясатты талдайды, үкіметаралық кездесулер өткізеді, азаматтық қоғаммен және кәсіпкерлік секторымен техникалық ынтымақтастықты және өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.

ЮНКТАД-тың Бас хатшысы 2013 жылдың 1 қыркүйегінде тағайындалған Мухиса Китуй мырза (Кения).

ЮНКТАД-тың тұрақты мүшесі — 194 ел, оның 151 елі, соның ішінде Қазақстан және ТМД-ның кейбір елдері СДК құрамына кіреді.

Қазақстан БҰҰ құрамына 1992 жылы қабылданды және БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясына (ЮНКТАД) автоматты түрде мүше болды. 2008 жылы Қазақстан төрт жылда бір рет өткізілетін, министрлер конференциялары арасындағы кезеңде ЮНКТАД-тың негізгі атқарушы органы, ЮНКТАД Сауда және даму жөніндегі кеңесінің құрамына қосылды. 2008 жылы Қазақстан өтпелі экономикасы бар елдерден тұратын «D» тобының мүшесі болып қосылды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 16 мамыр 2018

Мұрағат

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту