Елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Global Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысы басталды.

Айта кетейік, XI Астана экономикалық форумы елордада 17-19 мамыр күндері өтеді.

Бұған дейінгі форумдарда жаһандық экономика, цифрландыру және тағы басқа мәселелер қаралса, биылғы форум барысында ресурстар, роботизация, адамзаттың өзгеруі, агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктер, денсаулық саласының мәселелері талқыланады.

Биыл форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысады. Бұл АЭФ-тің рекордтық көрсеткіші. Топ-спикерлер арасында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер, физик, футуролог Митио Каку, Golman Sachs бұрынғы төрағасы Джим О'Нил, Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк, Ресей президенттігіне үміткер болған Ксения Собчак және өзге де тұлғалар қатысады.  

Форумның алғашқы екі күнгі күнтәртібі жаһандық мәселелерге арналады, үшінші күні спикерлер ҚР Үкіметінің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен алты бағыт бойынша жұмыс жүргізетіні күтілуде.

 Конгрестің 10 жылдық жұмысы барысында оған әлемнің 150 елінен 50 мың делегат, соның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының иегерлері, 30-дан астам шетелдік жоғары деңгейлі саяси қайраткерлер келген. Жалпы құны 20 млрд доллардан асып жығылатын 300-ден астам меморандум және келісімдерге қол қойылды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 17 мамыр 2018

Мұрағат

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту