Бүгін XI Астана экономикалық форумы аясында «Жасыл экономика: тұрақты өсімнің жаңа моделі» панельдік сессиясы өтті. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев шара қатысушыларына құттықтау сөзін арнады.

Сессия жұмысы кезінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту, ресурстарды үнемдейтін технологияларды, «жасыл экономика» құралдарын енгізу, жоғары технологиялық және ғылымға негізделген салаларға инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Тұрақты даму саясатын алға жылжытуға қызығушылық танытатын тараптардың мазмұнды ашық диалогы өрбіді.

«Еуразия медиа форумы» халықаралық қорының бас директоры Р. Жемков модератор болған панельдік сессияға жаһандық жасыл өсім институтының президенті, БҰҰ-ның VIII Бас хатшысы Пан Ги Мун, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Францияның индустрия, энергетика және цифрландыру жөніндегі министрі Эрик Бессон секілді танымал әлемдік саясаткерлер қатысты.

Қазақстан тарапынан энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының алқа төрайымы Әлия Назарбаева, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев қатысты.

Бүгінгі таңда күрделі сын-тегеуріндердің бірі — экономикалық өсімді, әлеуметтік тұрақтылықты және ұзақ мерзімді келешекте экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Бұл — жаһандық қауіпсіздіктің ең маңызды мәселелерінің бірі және Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет ретінде тұрақты дамуды және әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзінің жоғары жауапкершілігін сезінеді, деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Бақытжан Сағынтаев форум қатысушыларын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығымен таныстырды.

Орталық өткен жылы Астана қаласында өткізілген «Экспо: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесінің негізінде құрылған және ол — аймақтағы «жасыл» экономикалық өсімді нығайтуға бағытталған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының жалғасы.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 мамыр 2018

Мұрағат

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту