Елімізде өрт қауіпсіздігі шараларын қабылдамаған 22 сауда үйі жабылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.

Оның айтуынша, 2011 жылдан бастап бизнестің жұмысын жеңілдету және оған кедергі келтірмеу үшін азаматтық қорғаныс қызметтері үйдің, ғимараттың құрылысын жобалау және қолданысқа қабылдауда міндетті түрде келісімін беретін органдардың тізімінен шығарылған. Азаматтық қорғаныс қызметтері нысан пайдалануға берілгеннен кейін ғана бақылау жұмыстарын жүргізе алады.

«Кемероводағы оқиғадан кейін біз Бас прокуратурамен келісе отырып ауданы 1 500 шаршы метрден асатын адамдар жаппай баратын нысандар мен барлық оқу орындарын тексердік. Әрине, біз көптеген бұзушылықтарды анықтадық. Қосалқы шығатын есіктерді жауып тастаған. Барлық факті бойынша 15 мыңнан астам хаттама жазып, 19 млн теңгеге айыппұл салдық. Сотқа 22 нысанды жабу туралы ұйғарым жібердік. Себебі олар қойылатын талаптарға мүлдем сай келмейді», - деді министр.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңіріндегі ірі сауда орталықтары тексерілген болатын. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ержесін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалған сауда үйлерінің тізімін жария етілген еді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 14 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту