ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Нұрсұлтан Назарбаевқа елімізде туризм саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Сіздің тапсырмаңызға орай, Үкімет «Қазақстан туристері ағыны» мемлекеттік жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобаның 7 басым бағыттар бар. Біздің негізгі мақсатымыз 2023 жылға дейін туризмнің қазіргі экономикадағы үлесін 1,9 пайыздан 8 пайызға дейін ұлғайту», - деді Асқар Мамин Бурабайда Елбасына шаңғы базасын таныстыру кезінде жасаған баяндамасында.

Оның айтуынша бұл көрсеткіш әлемнің озық дамыған мемлекеттерінің деңгейінде.

«Қазіргі кезде  құрамына 60-тан астам туристік объектілер кіретін туристификация картасы әзірлену үстінде. Картаға енгізілген жобалар халықаралық алаңдарда дамытылады. Осы топқа кірген 10 туристік жобаны жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту қажет-, деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар, А.Мамин еліміздегі туристер ағымын арттыру бойынша алдағы жоспарлар туралы айтты.

«2023 жылға қарай біз ішкі туризмді 500 мың адамнан 2 миллион адамға, яғни, 4  есеге арттыратын боламыз»,- деп сөзін түйді ол.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 11 шілде 2018

Мұрағат

Шілде
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту