Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2016 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі бойынша селекторлық кеңес өткізді. 

Қазіргі уақытта республиканың су қоймалары көктемгі су тасқынын өткізу үшін сыйымдылық қорына ие. Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін ЖЖМ, инертті материалдар қорлары даярланды, елді мекендерде қар шығарылып жатыр.

Су тасқынын гидротехникалық құрылым арқылы апатсыз өткізу, өзен алаптары учаскелерінде алдын алу шараларын өткізу мақсатында су тасқынына қарсы сәйкес комиссия құрылды.

Бақытжан Сағынтаев 2015 жылдың наурыз-сәуірінде су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды, Ақмола және басқа да облыстардағы оқиға қайталанбауы үшін барлық шараларды қолдану қажет екенін баса айтты.

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары өңірлер әкімдіктеріне орталық мемлекеттік органдармен бірге күн сайын мониторинг жүргізуді және су тасқыны жағдайын бақылауды, арнайы және инженерлік техниканы су тасқыны қаупі бар жерлерге шоғырландыруды, көпірлерді, арық-арна жүйелерін, өзен арналарын, гидротехникалық құрылымдарды және қорғау бөгеттерін еріген қар суы мен су тасқынының мөлшерден тыс көлемін өткізуге дайындауды, елді мекендерді су басу қаупі туындаған жағдайда әрекет ету ережелері жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды тапсырды. 

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. 

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастың, оның ішінде қаржылық, көлік-транзиттік, мұнай-газ және энергетикалық салалардағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы әріптестіктің ағымдағы және болашақтағы дамуының мәселелерін қарады. 

Кездесу қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары екіжақты және көпжақты тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға пікір білдірді.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция арқылы РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен келіссөз жүргізді.

Тараптар Қазақстан мен РФ арасындағы сауда-экономикалық қатынастың жағдайы мен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көліктік, және ақпараттық-коммуникациялық салалардағы әріптестіктің жай-күйін талқылады.

Келіссөз барысында мұнай мен газды тасымалдау, электр энергиясын өзара жеткізу және монополияға қарсы реттеу мәселелері сөз болды.

Сонымен бірге Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзекті мәселелерді қарады.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Сәрсенбі күні Тбилиси қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Грузия Премьер-Министрі Георгий Квирикашвилимен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Грузияның сауда-экономикалық қатынасын, өнеркәсіп саласы мен   агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестікті, екі елдің транзиттік әлеуетін қолдану, оның ішінде Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутын дамытуды және өзара инвестицияны қорғау мәселелерін талқылады.

ҚР бірінші вице-премьері сондай-ақ, Грузиядағы Бүкіләлемдік банкінің Doing Business рейтінгі аясында өткізілетін реформалармен танысты.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Грузияның вице-премьері, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилимен
келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық әріптестікті жандандыру мәселелері қаралды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев сонымен бірге Батуми теңіз портының және «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі мұнай терминалы жұмысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Баку қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Артур Раси-Задемен   кездесті.

Тараптар екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынасардың жай-күйін, сонымен бірге бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады.

Транскаспийлік халықаралық көлік бағытын дамытудың маңыздылығына тоқталған Бақытжан Сағынтаев пен Артур Расизаде Қытайдың, Оңтүстік Шығыс Азия, Орталық Азия, Кавказ және Еуропа елдерінің көлік компанияларын тарту арқылы жобаға қатысушылардың географиясын ұлғайту оны тиімді іске асырудың кепілі болып табылатынын атап көрсетті.

ҚР бірінші вице-премьері Каспий теңізіндегі қазақстандық және әзербайжандық порттар арасындағы өзара ықпалдастықты тереңдете түсуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл жүктерді өңдеу уақытының қысқаруына әсер етіп, клиенттерге қосымша қолайлылық туғызады.

Бақытжан Сағынтаев сонымен бірге, Әзербайжан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбовпен кездесті. Кездесу барысында өндірістік әріптестік, көліктік-транзиттік саладағы ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, Бақытжан Сағынтаев Алят және Баку теңіз порттарының жұмысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Үкімет басшылары сауда – экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі және болашағы туралы, сондай-ақ екі елдің транзиттік әлеуетін іске асыру мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ақтау халықаралық теңіз сауда портына келіп, бір апта бұрын өзі берген тапсырмалардың орындалу барысын бақылады.

Естеріңізге сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев 5 ақпан күні көшпелі кеңес барысында жүктердің тым ұзақ уақыт (12 сағатқа дейін) рәсімделу мәселесіне назар аударған болатын. Бірінші вице-премьер мемлекеттік органдар мен теңіз портының жұмыстарында тиісті үйлесімділіктің жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, портқа іргелес аумақтарда ауыр жүк техникалары үшін тұрақтар ашу, жүргізушілерге күнделікті жағдай жасау және автокөлікпен жеткізілген жүктерді «бір терезе» қағидаты бойынша рәсімдеуді ұйымдастыру тапсырылды. 

«Ақтау порты арқылы жүктерді өткізудің рәсімдерін жеңілдету бойынша жол картасына» сәйкес, Ақтаудағы паром кешенінің қызметкерлері мемлекеттік кіріс органдарына кеменің келуіне 5 сағат қалғанда тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпарат ұсынады. Теңіз портында ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік және көліктік бақылау қызметтерінің тәулік бойы жұмыс тәртібі ұйымдастырылған. Осылайша, жүктердің рәсімделу уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқартылды. 

Сапар қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев кедендік тазарту және жүк транзиттерінің рәсімдерін жылдамдату, ауыр жүк тасымалдаушы техника жүргізушілері үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. 

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

 

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2016 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 2016 жылғы 5 наурыз сенбіден 2016 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдады.

Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай – ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2016 жылғы 7 наурызда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізді.

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Президент   тапсырмаларын орындау үшін 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспары әзірленгенін мәлімдеді. Жоспар 4 бағыт бойынша қалыптастырылды: ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықты қолдау, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканы қолдау жөніндегі шараларды кеңейту, шағын және орта бизнесті және экономиканың негізгі салаларын қолдау, іскерлік белсенділікті қолдау және халықты жұмыспен қамту.

Е.Досаевтың мәлімдеуінше, бірінші бағыт шеңберінде 2016 жылы 1,450 трлн.теңге сомасындағы еркін зейнетақы жинағы 2015 жылдан қалған 400 млрд. теңгені қоса есептегенде, оның ішінде 2016 жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға – 350 млрд.теңге, БЖЗҚ портфелін әртараптандыруды қамтамасыз ету мақсатында сыртқы нарықтарға инвестициялау үшін шетелдік валютаға айырбастауға және азаматтардың зейнетақы жинағының кірістілігін арттыруға – 500 млрд.теңге, екінші деңгейдегі банктер мен ұлттық холдингтердің шартталған облигацияларын алуға – 600 млрд.теңге. инвестицияланатын болады.

«Ұсынылып отырған бөлініс оңтайлы, зейнетақы активтерінен барынша қайтарымды қамтамасыз етеді және инвестициялардың сақталуына кепілдік береді. Салымшылар үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерінің бөлінісі тек нарықтық пайыздық мөлшерлеме негізінде жүзеге асырылатын болады», - деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі. Сондай-ақ, Е.Досаев зейнетақы жинағын инвестициялау бойынша аталған ұсыныстар БЖЗҚ қаражатын инвестициялау бойынша жаңа шешімдер қабылдағанша 2016 жылғы уақытша шешім болып табылатынын атап өтті.

Екінші бағыт бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысын қолдауға 360 млрд.теңге яғни 2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жоспарланған 3 млрд. АҚШ долларынан 1 млрд. АҚШ долларын 2016 жылға ауыстыру есебінен қаражат бөлінеді.

Аталған қаражат - 53 млрд.теңге ЖАО кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысына, 149   млрд.теңге «ҚТҮҚЖБ» АҚ салымшылары үшін несиелік тұрғын үй құрылысына, 97 млрд.теңге тұрғын үй салушы құрылыс компанияларын қолдауға, 61 млрд.теңге инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына бағытталады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2016 жылғы жоспар бойынша белгіленген 516,5 мың шаршы метр баспананың орнына биыл 1,5 млн. шаршы метр немесе 29400 пәтер, 2017 жылы 540 мың шаршы метр пайдалануға беріледі. Бұл өз кезегінде ЖІӨ өсіміне 0,5 пайыз деңгейінде үлес қосады және 70 мыңнан астам қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді»,-деді министр.

Аталған бағыттың екінші басымдығы - ЭКСПО-2017 көрмесі және Универсиада-2017 құрылыс нысандарын тездетіп аяқтап, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру. Аталған жобаларды өз уақытында жүзеге асыру үшін 2016 жылы 194,5 млрд.теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.

«Үшінші бағыт шеңберінде өндіріс көлемін сақтау және жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті, бірінші кезекті ШОБ қолдау мақсатында жоғарыда атап көрсетілгендей, зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету және экономиканы қорландыру үшін нарықтық пайыздық мөлшерлеме бойынша 600 млрд. теңге көлемінде БЖЗҚ қаражатын тарту жоспарланып отыр.

Жоғарыда аталған сомадан 200 млрд.теңге ЕДБ арқылы айналымдағы қаражат және 50% де 50% арақатынасы бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру үшін ШОБ қажеттіліктерін қаржыландыруға жұмсалады.

167,5 млрд.теңге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы экспорттаушыларды несиелендіруге, 3 456 ауылдық елді мекендерде кең жолақты интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша несиелендіруге және отандық жүк және жолаушылар вагондары өндірісін қолдауға бағытталады.

132,5 млрд.теңге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арқылы валюталық міндеттемелерді және евробондтарды жабуды қайта қаржыландыруға, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жобаларын одан әрі қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қарыз алу көлемін ұлғайтуға бағытталады.

Төртінші бағыт бойынша жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында 2016 жылы қалыптастырылған Үкіметтің арнайы қорынан, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін, ТКШ нысандары мен әлеуметтік инфрақұрылымдарды жөндеу бойынша жобаларды іске қосу, шағын несиелендіруді арттыруға 98,9 млрд.теңге бөлінетін болады.

«Нұрлы жол» мемлекетік бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылға арналған қаражаттың және ХҚҰ гранттары мен тартылған қарыздары есебінен 2016 жылы дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қаржыландырудың жалпы көлемі 2 трлн.теңгені құрайды. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыруға бөлінген қаражатты толық игеру экономикалық белсенділікті қолдауға мүмкіндік береді, жұмыспен қамтуды қолдап, 0,8-1 пайыздық деңгейде экономикалық өсуді қамтамасыз етеді» - деп қорытындылады Е.Досаев.

Аталған мәселе бойынша Ұлттық банктің, бірқатар министрліктер мен мекемелердің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ және басқа да ұйымдардың басшылары сөйледі.

Отырысты қорытындылай келе, К.Мәсімов мемлекеттік органдарға келесі апта ішінде бюджетке тиісті өзгерістерді дайындауды тапсырды. «Қаражат экономикаға барынша тез түсуі қажет», - деді Үкімет басшысы.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысына қатысты. 

2016 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске сонымен бірге, ЕЭК Кеңесіне төрағалық етеді. 

ЕЭК Кеңесінің отырысы қазақстандық тараптың төрағалығымен өтіп жатқан ағымдағы жылдағы алғашқы отырыс болып табылады. 

Кеңес мүшелері 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жаңа құрамдағы ЕЭК алқасы жұмысының басталуын есепке ала отырып, Комиссияны реформалау мәселелерін қарастырды. 

Отырыс барысында ортақ фармацевтикалық нарықты құру бойынша бірқатар актілер талқыланды. Бұл қауіпсіздікті арттыруға және медициналық дәрі-дәрмек пен заттардың сапасын жақсартуға жағдай жасап, ЕЭО елдерінің нарығында олардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар, мұнай өнімдері мен газды, мұнайдың ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы бойынша ЕЭО-ның Жоғары және үкіметаралық кеңесі шешімдерінің жобасы мақұлданды. Мұндай нарықтар алдағы уақытта мүше-мемлекеттердегі энергия жүйесін тұрақтандыруға мүмкіндік береді. 

Комиссияға өкілетті органдармен бірлесе отырып, ЕЭО жаңа Кедендік кодексі жобасының жұмысын жеделдету жүктелді. Аталған құжатты қабылдау кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, кеден қызметі жүйесіне халықаралық үздік тәжірибені енгізуге бағытталған. 

Жалпы алғанда ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар елуден астам мәселені қарастырды.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті.      

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастың жағдайы, сондай-ақ, өндіріс, транзиттік-көліктік және коммуникациялық салалардағы әріптестіктің жай-күйін талқылады.

Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов Еуразиялық экономикалық одақтың аясындағы өзекті мәселелерді де талқылады.

Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша сауда – экономикалық ықпалдастықтың барлық шоғыры бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдете түсуге мүдделілік білдірді.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

10022016 325 12

 

Бүгін Астанада ҚР Премьер – Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа басшы Ерлан Сағадиевті таныстырды.

Кәрім Мәсімов Ерлан Сағадиевті Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы ҚР Президентінің Жарлығын оқып, министрліктің бұрынғы басшысы Аслан Сәрінжіповке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

К.Мәсімов Е.Сағадиевтің әртүрлі салалардағы кәсіби тәжірибесін атап өтіп, министрлік Елбасы тапсырмаларын тиімді орындауды жалғастыратынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Е.Сағадиев көрсеткен сенімі үшін ҚР Президентіне алғыс білдіріп, Мемлекет Басшысының министрлік алдына қойған тапсырмаларын табысты жүзеге асыруға бар күшін салатынын айтты.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов БҰҰ Бас xатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұxиты өңірлеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік Комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы xатшысы Шамшад Аxтармен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен ЭСКАТО арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Үкімет Басшысы Қазақстан БҰҰ ЭСКАТО және Алматыдағы субөңірлік бөлімшесімен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап көрсетіп, жан-жақты байланыстарды әрі қарай жалғастыру жөнінде, оның ішінде қазақстандық бастамаларды ілгерілету туралы айтты.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Қосымша ақпаратты www.primeminister.kz  сайтынан көріңіздер

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Комиссия су тасқыны мен селден зардап шеккен Тәжікстандағы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстан Үкіметіне осы елге ресми түрде гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды.Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына консервіленген ет және сүт өнімдері, өсімдік майы мен сары май, ұн және макарон өнімдері жеткізіледі.

Сонымен қатар, комиссия 2015 жылдың қараша айында қуатты жер сілкінісі болған Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды. Бұл елге төсек-орын жабдықтарын, жылыту пештері мен қысқы шатырлар жеткізу жоспарланып отыр.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Архив

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту